Полигоннан тұншыққан ауыл: малдың өлексесіне дейін тастайды
Полигоннан тұншыққан ауыл: малдың өлексесіне дейін тастайды
Түтінге тұншыққан ауыл. Табиғаты әсем Қорғалжын тұрғындары елдімекен маңындағы қоқыс полигонымен күресіп әлек. Жылдар бойы жиналған қалдықтар әбден шіріп, одан қалды күні-түні өртеніп жатады екен. Содан шыққан қолқаны қабатын иіс ауыл ішіне кіріп, тұрғындар демалу мүмкін емес, - дейді. Қоқыстан бөлек полигонға малдың өлекселері тасталандықтан, бұл жер жабайы аң-құстардың мекеніне айналған, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл - елге танымал Қорғалжын қорығының көпшілік біле бермейтін тұсы. Дәл ауыл іргесінде бірнеше гектарға жайылып жатқан қоқыс полигоны орналасқан. Жұрт бірнеше жылдан бері тұрмыстық қалдықтар, одан қалды құрылыс заттарын тастап кетеді екен. Мұнда күніне жүздеген ауыр техника тиелген қалдықтар төгіледі. Сондай бір партия тиеген тұрғындарды сөзге тарттық. Бірақ, заңсыз жұмыс істеп жүргендер камераны көре сала, қаша жөнелді.
"Қазір, қоқыс полигонында тұрмыстық қалдықтар тиелген Камаздар осында лек-легімен келіп қалдықтарды төгіп жатыр. Біздің түсірілім тобын көре сала олар алды-арттарына қарамай, Камаздағы қоқыстарын тастамастан осылай қашып бара жатыр".
Енді бірі қоқысын төгер-төкпес қашып кетті. Жүргізушілер сыбайластарына хабарласқан болу керек, артынан келген жүк көліктері де полигонға кірмей, кері қайтып жатты. Ал, полигон ортасына қарай барғанымызда алаңсыз малдың қиын тастап жүрген тұрғындарды да кездестірдік. Олар, бұл қоқыс тастайтын орын баяғыдан бері барын айтады.
Қырықбай Омаров, Қорғалжын елдімекенінің тұрғыны:
"Мен бүгін бірінші рет, екінші рейс жасап жатырмын. Рұқсат бар ма бұл жерге қоқыс тастауға? Бар шығар бәрі тастап жатыр ғой. Жалпы күніне қанша рейс жасайсыздар? Білмеймін, мен бүгін бірінші рет екі рейс жасадым. Қандай қоқыс тастайсыздар? Сол малдың навозы ғой".
Экологтардың сөзінше, қалдық тастайтын орындар мен елді мекендердің арасы 1 шақырымнан кем болмауы тиіс. Бұл полигон ауыл маңына тиіп тұр. Одан бөлек, жергілікті жайылым да тым жақын орналасқан. Тіпті, төрт-түлік осы жердегі тасталған тұрмыстық қалдықтармен де қоректенетін көрінеді.
Азамат Есжанов, қорғалжын елдімекенінің тұрғыны:
“Жалпы ауыл әкімі рұқсат берді ме, бұл жерге қоқыс төгуге? Организация бәрі төгіп жатыр ғой. Біз жәй адамбыз қарапайым. Күніне қанша рейс жасайсыздар? Когда как. Бұл полигон тұрғанына неше жыл болды? Біз ес білгелі, бала кезден бар. Негізі, арғы жақта болған. Бірақ, ол жақ былықпай болып кетті. Порядок жоқ. Не істейсің енді".
Ауыл әкімдігі де қоқыс полигонын біледі. Қоршаған ортаға қаншама залал келтіріп жатқанынан да хабардар. Сол үшін, арнайы экологтарды шақырып, айналаға зерттеу жүргізген көрінеді. Ал, жергілікті жұртқа ол жерге қоқыс тастауға болмайтыны ескертілгенімен, оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ, дейді атқамінер.
Мадияр Амангелдинов, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары:
"Оны арнайы эколог мамандар келіп биыл, соларды зерттеп, құжаттарды рәсімдеу үстіндеміз қазір. Айына бір рет, екі айда бір рет экологиялық сенбілік жүргізіліп сол жерде, маңайына төгілген қоқыстар жиналып тұрады. Қоқысты ол жерге көктем кезінен шыққан қоқыстарды енді тұрғындар апарып тастайды.
Оқтын-оқтын арнайы экологиялық сенбілік өткізіп тұрамыз деген жергілікті әкімдік өкілдері, алдағы уақытта қоқыс полигонын басқа жерге көшіру жайын қарастырып жатқандарын айтады. Тиісті құжаттар рәсімделіп, қалдықтарды тазарту жұмыстары басталатын көрінеді. Бірақ, ол ақжағалылардың қай жылғы жоспарына енгізілгені белгісіз.
https://www.youtube.com/watch?v=CbKHtUfAzg4&t=73s