Моншаны ашқанда, неге тойхананы ашпайды?
Моншаны ашқанда, неге тойхананы ашпайды?
Қоғамдық монша, спа-салон, сауда орталықтары, базарлар мен спорт залдар жұмысын бастағанда, мейрамханалар неге жабық болуы керек? Бұл сұрақ қазір жұмыссыз қалған мыңдаған той бизнес өкілін мазалап жүр. Үш айдан бері тойларын кейінге шегеруге мәжбүр болып жүрген халық та, банкет залдарының қашан ашылатынын асыға күтуде. Бүгін той саласының қызметкерлері бас қаладағы әкімдіктің алдында жиналып, базынасын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Айгүл Сүлейменова, мейрамхана әкімшісі:
«А на базарах, в автобусах люди не заразятся? Бани открыли, сауны открыли. Спа центры, салоны. И там не заразятся? Извините меня, есть рестораны большой квадратуры, да. У нас больше соблюдается санитарных мер».
Үш айдан бері табысынан айырылып, миллиондаған ақшасынан қағылған той бизнес өкілдерінің талабы бір. Ең болмағанда 100 адамға дейін шағын банкеттерді өткізуге рұқсат берсе екен дейді. Өйткені, басқа табыс көзі жоқ жұрттың жағдайы күннен-күнге қиындап жатқан көрінеді.
Мейрамхана әкімшісі:
«Бізді ойлайды бәрі, ой админитсраторлар сезон-сезон ақша салып алады, запастары бар. Даже видеоролик салдық астында жазып жатыр ғой сендер ақша жинап алғансыңдар, ой сендер джип алып алғансыңдар деп. Қарапайым тұрамыз біз. Міне мен 3 ай жатырмын үйде. Квартира 100 мың төлеймін. Продукты, жүріп-тұруым бар. 42500 қайда жетеді?»
Мейрамханалардың ашылғанын асыға күтіп жүрген халықтың қарасы қалың. Тіпті, несін жасырайық, елдегі шағын бизнес субъектілерінің жартысынан көбі осы той индустриясымен ғана байланысты ма деп қаласың.
Айгүл Димашова, той ұйымдастыру орталығының басшысы
«Тойханалар ашылса, ол кезде уже тойлар жүреді. Соответсвенно ол кезде басқа жұмыстар да, салондар, свадебный көйлек сататын, жігіттерге костюм сататын, хэйрстилисты, мейкап стилисты, тойға қызмет ететін фото-видео операторлар бар, оформление жасайтындар, осы шағын бизнес қатты зардап шегіп жатыр. Шығындарға миллиондап баттық десек те артық болмайды».
Әлия Байдүсенова, мейрамхана әкімшісі:
«Халық мейрамханалардың ашылатынын күтіп-күтіп шаршады шыны керек. Көбі баяғыдан бірге тұрып жатыр, біреулер балалы болып үлгерді тіпті. Енді олар бізге той керек емес деп, алдын-ала төлеп қойған ақшаларын талап етіп отыр. кейбірін барынша датаны шегеруге көндіріп жатырмыз. Алайда қыркүйекте вирустың екінші толқыны болады дейді ғой. Қазір жағдай дұрысталып тұрғанда, ең болмағанда жұмыс істеуімізге берілсінші»
Елде төтенше жағдай енгізілгелі, бизнес өкілдерін қолдау мақсатында екінші деңгейлі банкттер көптеген кәсіпкердің несиесін үш айға кейінге шегеріп, қолдан келгенше қолдау білдірген еді. Алайда қарыздарды қайтаратын күн де алыс емес. Небәрі бір ай ғана қалды. Сондықтан мейрамханалар қазірден ашылмаса, түйткілдің төркіні сонда болады дейді жиналғандар.
Руслан Ідірісов, қала әкімдігінің сауда мен қызмет көрсету бөлімінің басшысы:
«Банки отсрочили кредиты, насколько я знаю. Три месяца это будет в конце июня. Интересное начнется в июле и в августе. Понимаешь? Когда кредиты пойдут и люди не смогут платить. А вы сейчас этот бизнес задерживаете. Вот смотрите вы говорите нормы соблюдать. Общественные бани открыты? В парной люди сидят? Да сидят? И как они дышут? В масках что-ли? Нет они сидят без масок. Их по 30-40 человек в притык сидят».
Алайда әкімдіктегілер сол күйі мардымды ештеңе айтпады. Бар жауапкершілікті СЭС мамандарын сілтеді. Мейлі деп, қаламыздың бас санитарына хабарластық. Көптің көкейіндегі сұраққа маман былай деп жауап қатты.
Жанна Пралиева, нұр-сұлтан қаласының бас санитар-дәрігері:
«Ол жерлерде көп адам жиналады. Жан-жақтан келеді. Қазір блок-посттар ашылғаннан кейін жан-жақтан қонақтар келуі мүмкін. Одан кейін ұзақ уақыт болады мысалы. Ол жерде ойын-сауық шаралар болады тағы. Сол үшін біз уақытша қазір енді елдегі эпидемиологиялық жағдай екіге түскенге дейін тыйым салып отырмыз».
Осылайша, сағаттап тілек айтып, танцполдардың шаңын шығарып би билейтін күннің қашан туатыны әзірге белгісіз. Бұл тек өзімізге ғана байланысты. Талаптарға бағынып, ережелерге құлақ асып жүрсек, вирустың таралуы да тезірек тарылады. Демек, мейрамханалар ашылып, тойларға да сонда ғана рұқсат берілмек.
https://www.youtube.com/watch?v=e2QrabhgU5c&t=117s