Қазақстандық спортшылар мәслихат депутаттарын сайлауда белсенділік танытуда
Бүгін мәслихат депутаттарын сайлауға қатысушылардың қатарында танымал қазақстандық спортшылар да бар. Олардың қатарында жас спортшыларды даярлаумен айналысып жүргендер де бар. Сонымен қатар еліміздегі спорт клубтарының ойыншылары да сайлауға белсенді қатысуда.
Каратэден Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы София Берульцева Шымкент қаласындағы №6 сайлау учаскесінде дауыс берді. Спортшы жергілікті өкілді органдар жұмысының маңызына және мәслихат депутаттарын сайлауға тұрғындардың қатысуының мәніне тоқталды.
«Мәслихат депутаттары жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді көтеріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрғындардың сайлау науқанына белсенді қатысуы маңызды», – деді Олимпиада жүлдегері.
Алматыда құзға өрмелеуден Азия ойындарының жүлдегері Дамир ТоқтаровБостандық ауданындағы №230 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Алматы – мен жаттығатын әрі жарыстарғааттанатын қала. Мұнда балалар мен жастардың өзін спортта сынап көріп, көңілінешын ұнайтын спорт түрін табуына мүмкіндіккөп болғаны мен үшін маңызды. Депутаттартұрғындардың пікіріне құлақ асып, осындаймәселелерге көңіл бөледі деп үміттенемін. Сондықтан бүгін дауыс беруге келдім», – деді Азия ойындарының жүлдегері.
Сайлауда дауыс бергендердің қатарында жеңілатлетикадан 2026 жылғы Азия ойындарыныңкүміс жүлдегері Аделина Земс, жазғы Азия ойындарының тарихында ММА бойыншаалғаш рет чемпион атанған ЕркінғалиБүркіталин және армрестлингтен әлемчемпионы Екатерина Шевченко бар. Сондай-ақжүзуден Азия чемпионы Мейіржан Кәдірәліөзінің сайлауға қатысқаны туралы Instagramпарақшасында жазба жариялады.
Ақтөбе қаласындағы №556 сайлау учаскесіндеқазақ күресінен әлем чемпионы БақытбайҚисықов дауыс берді. Белгілі балуан сайланғандепутаттар тұрғындардың мүддесі үшін жүйеліжұмыс жүргізеді деген үмітін білдірді. Сондай-ақ спортшы ауылдық жерлерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударуқажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, ауылбалалары қазақ күресіне үлкен қызығушылықтанытады.
Ал Ақтөбе қаласындағы №583 сайлауучаскесінде қазақстандық параспортшы, спорт шебері Айбек Қапин өз таңдауын жасады. Ол – арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатыныңқола жүлдегері, сондай-ақ параүстелтеннисінен республикалық жарыстардыңқатысушысы әрі жүлдегері.
«Әрбір адам өзінің азаматтық ұстанымынбілдіріп, сайлауға қатысуы керек. Сайлау ашықәрі әділ өтетініне сенімдімін. Оның нәтижелеріөңіріміз бен тұрғындарымыздың өміріндегі оңөзгерістерге негіз болады деген үміттемін», – деді Айбек Қапин.
Сайлауда спорт федерацияларының өкілдерімен қазақстандық жас спортшылардыдаярлаумен айналысып жүрген клуб басшылары да дауыс берді.
Олардың қатарында халықаралық дәрежедегіспорт шебері, Қазақстан волейболдан ұлттыққұрамасының бұрынғы капитаны, 2018 жылғыАзияның үздік ойыншысы, ел чемпионы, Қазақстан кубогі мен Суперкубогінің иегеріАйбат Неталин бар. Қазір ол «Ақтөбе» волейбол клубына жетекшілік етеді.
«Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер мекені. Бүгінәр адам өз дауысымен туған өлкесініңдамуына қолдау көрсетіп, жаңа таланттардыңөсіп-жетілуіне үлес қосу үшін сайлауға келеді», – деді №554 сайлау учаскесінде дауыс берген Айбат Неталин.
Оның айтуынша, Ақтөбе облысында волейбол қарқынды дамуда. Бұл спорт түрінеқызығушылық танытатын балалардың қатарыартып, жергілікті командалардың жетістіктеріде жақсарып келеді.
Еліміздің бірқатар өңірінде спортшылар сайлауучаскелеріне тұтас команда болып келіп, дауыс берді. Атап айтқанда, «Ұлытау» волейбол клубының, Павлодардағы «Ертіс» футбол клубының және Шығыс Қазақстаноблысының «Торпедо» хоккей командасыныңойыншылары бірге барып, өз таңдауларынжасады.