Жаңалықтар

Тоқаев мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Ол Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді. Акорда таратқан фотосуреттерде Мемлекет басшысының Астанадағы сайлау учаскесіне барғаны көрінеді.

Ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 45,46 пайызы дауыс берді.

Дауыс берушілер саны жағынан Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстары алдыңғы қатарда тұр.

Бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Партиялық тізім бойынша сайлауға Қазақстанда тіркелген жеті партия жіберілген.

Сонымен бірге бірмандаттық округтерден ұсынылған кандидаттар да сайлауға қатысып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бір орынға үш кандидаттан келеді.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Халық кеңесінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеген еді. 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Келесі күні жаңа депутаттар 29 қарашада сайланатыны белгілі болды.