Қазақстанда инфекциялық төсектердің толуы 68 пайызға жетті
Елдегі инфекциялық ауруханалардағы жүктеме әсіресе Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында жоғары болып тұр. Қазір Қазақстан бойынша инфекциялық төсек орындарының 68 пайызы, балалар төсектерінің 72 пайызы бос емес.
Комитеттің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі маусымдық ЖРВИ өсімі кезінде Қазақстанның қай өңірлерінде инфекциялық ауруханаларға түсетін жүктеме ең жоғары екенін хабарлады.
25 қарашадағы жағдай бойынша елдегі инфекциялық төсек орындарының толуы 68 пайызды, балаларға арналған төсек орындарының толуы 72 пайызды құраған.
Сол күнгі дерекке сәйкес, Қазақстандағы инфекциялық ауруханаларда 9004 науқас ем алып жатыр. Оның ішінде 2695-і — ересек адам, 6309-ы — бала. Инфекциялық төсек орындарының ең жоғары толуы Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелген.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, өңірлердегі жүктеме 85 пайызға жеткен жағдайда төсек қоры көбейтіледі. Медициналық ұйымдарда 3179 инфекциялық төсекке резерв қарастырылған: 1144-і ересектерге, 2035-і балаларға арналған.
13 өңірде қосымша 1724 төсек орны ашылған. Эпидемиялық маусым басталғалы бері елде шамамен 1,5 миллион ЖРВИ жағдайы тіркелген. Соңғы бір аптада 133 мың жағдай анықталған.
Тыныс жолы вирусдарының ішінде риновирус, бокавирус және аденовирус басым. Қыркүйектен бері 297 тұмау жағдайы тіркелген, оның 295-і — A(H1N1)pdm09, екеуі — B түрі.