Аймақтар

Атырауда оқушылар 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиянды полицияға тапсырды

Атырауда 5–6-сынып оқушылары көшеден қомақты ақша салынған әмиян тауып алып, оны иесіне қайтаруға көмектесті. Балалар ақшаны өздеріне қалдырмай, патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Оқиға Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында болған. Көшеде әмиян тауып алған оқушылар сол маңда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жүгінген.

Әмиянның ішінде 300 мың теңгеге жуық ақша болған. Оқушылар табылған қаражатты иесіне қайтару үшін полицияға тапсырған.

Тәртіп сақшылары көп ұзамай әмиян иесін анықтап, ақшасын толық көлемде қайтарып берді. Қаражатынан айырылып қала жаздаған азамат балалардың адал әрекетіне риза болған.