"Барлық адам тең": Димаш Құдайберген нәсілшілдік туралы сөз қозғады

"Барлық адам тең": Димаш Құдайберген нәсілшілдік туралы сөз қозғады

ашық дереккөзі

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлем халқын "нәсілшілдік жоқ" деп айтуға шақырды. Бұл туралы Newseoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 width= "Жаман ұлттар жоқ, жаман нәсілдер де жоқ. Жаман адамдар барлық жерде бар. Әлемде нәсілшілдік жоқ деп айтайық! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе бәріміз Құдайдың алдында боламыз. Менің афроамерикандық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамын, олар өте талантты және өте жақсы. Бүкіл әлемде тыныштық болсын! Бұл әлемде біз бәріміз қонақпыз! Нәсілшілдікке жол жоқ !!!", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, АҚШ-та қара нәсілді америкалық Джордж Флойдтың полиция тұншықтырғаннан кейін қаза тапқаннан соң наразылық басталды. Кейіннен ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы танытқан нәсілшілдік үшін кешірім сұрады.

Жүктелуде...