Генерал-майор мен полковник ұсталды: Ақтөбеде әскери институтта пара дауы шықты
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының бастығы мен оның орынбасары ұсталды. Жоғары шенді әскери қызметшілерге пара алу және пара беру фактілері бойынша күдік келтіріліп отыр.
Басылымның мәліметінше, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы, авиация генерал-майоры Тимур Еспағанбетовті ұстаған. Ол ірі емес, елеулі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.
Сондай-ақ институт бастығының орынбасары, авиация полковнигі Расул Исахожаев та ұсталған. Оған елеулі мөлшерде пара берді деген айып тағылып отыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, жоғары лауазымды әскери қызметшілердің бір компания өкілдерінен пара алу және беруіне қатысы бар деген күдік бар.
Қазіргі уақытта екеуі де Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.