Жаңалықтар

Жезөкшеге барып, ақшасынан айырылған екі еркек қаңырап қалды

Алматы қаласының Алатау ауданында ерекше жағдай тіркелді. Екі ер адам интимдік қызмет көрсетуге келіскен қызға алдын ала ақша төлегенімен, ол қаражатты алған соң қонақүйден кетіп, қайта оралмаған. Ақыры ер адамдар оны өздері іздеп тауып, полиция шақырған.

 

Полицияның мәліметінше, екі азамат интернеттен интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру тауып, онда көрсетілген қызбен кездесуге келіскен. Кездесу қаладағы қонақүйлердің бірінде ұйымдастырылған.

 

Алайда жағдай ер адамдар ойлағандай өрбімеген. Қыз келісілген ақшаны алғаннан кейін біраз уақытқа шығып келетінін айтып, олардан күте тұруды сұраған. Бірақ содан кейін қонақүйге қайтып оралмаған.

Қыздың жоғалып кеткеніне күмәнданған ер адамдар оны өз беттерінше іздеуге кіріскен. Көп ұзамай оны шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тауып алып, болған жағдай туралы полицияға хабарлаған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар барлық адам аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

«Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып, әр тараптың әрекетіне құқықтық баға беріледі», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр.