Жаңалықтар

Астана – Петропавл тасжолындағы жол апатынан жараланған полицей ауруханада көз жұмды

4 қарашада капитан Данияр Таев ауруханада қайтыс болды. Ол бір күн бұрын қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасына ұшырап, ауыр жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Астана – Петропавл автожолында болған. Полицей сол сәтте жол жөндеу техникасын алып жүру қызметін атқарып жүрген.

Осы кезде JAC маркалы көлік қызметтік автокөлікпен соқтығысқан. Болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған.

Соқтығыс салдарынан Данияр Таев ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, капитанды аман алып қалу мүмкін болмады.

JAC жүргізушісі ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.