Елорда

Астанада салынып жатқан мектептің жертөлесінен өрт шықты

Елордада құрылысы әлі аяқталмаған мектеп ғимаратында өрт тіркелді. Жалын жертөледе сақталған құрылыс материалдарын шарпыған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Сарыарқа ауданында, аттас көшеде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жертөлені қою түтін басқан.

Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, жалынды 30 шаршы метр аумақта толықтай ауыздықтады.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.