Аймақтар

Ақтау портында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Оқиға 2 қарашада Ақтау теңіз порты аумағындағы теміржол өткелінде болған. Соқтығыс салдарынан тепловозға айтарлықтай зақым келді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Newsroom.kz

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасына МАЗ маркалы жүк көлігі мен тепловоз қатысқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелімен келе жатқан тепловозға жол бермеген. Сол кезде локомотив сағатына небәрі 5 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатқан.

Жылдамдықтың төмен болғанына қарамастан, соқтығыс салдарынан тепловозға елеулі зақым келген.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа жүк көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.