Әлем

Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыздың соқтығысуынан 68 адам көз жұмды. Осыған байланысты ел билігі 29, 30 және 31 қазанды ұлттық аза тұту күндері деп жариялады.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға Толедо провинциясында болған. Пойыздарда Iryo және Renfe компанияларына тиесілі құрамдарда 500-ден астам жолаушы болған. Апат салдарынан ондаған адам жарақат алып, олардың бірқатары ауыр жағдайда жатыр.

Құтқару жұмыстарына 200-ге жуық әскери қызметкер тартылған. Мамандар зақымданған вагондардың ішінде қалып қоюы мүмкін адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр. Оқиғаға байланысты Мадрид пен Андалусия арасындағы жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Испания премьер-министрі Педро Санчес апат болған жерге барып, тергеу барысында немқұрайлылық анықталса, кінәлілер заң алдында жауап беретінін мәлімдеді. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің туыстарына көмек көрсету орталықтары ашылып, марқұмдарды сәйкестендіру үшін ДНҚ үлгілері жиналып жатыр.