Қаржы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Ұсынылып отырған өзгеріс ең төменгі жалақы мөлшерін 25 мың теңгеге арттыруды көздейді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы учаскелік дәрігерлердің еңбекақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарын атап өтті.

Жалақыны арттыруға қатысты өзгерістердің нақты қашан күшіне енетіні әзірге нақтыланбаған.