Жаңалықтар

Ақан Сатаевтың «Томирисін» сомдаған ару қалыңдық атанды

Мөлдір Әуелбекованың "Назар" тобында өнер көрсеткен Салтанат Серкебаева бұрынғы продюсерінен қалыспай тұрмысқа шықпақ. Белгілі режисер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған аруға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, одан "иә" деген жауап алған деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап. Томиристің жас кезін ойнаған Салтанат Серкебаева қалыңдық атанғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.  width= Ол жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген. "Назар" тобында ән салып, халыққа танылған бойжеткеннің таңдауы Сұлтан Құлатаев деген жігітке түскен. Серкебаеваның сүйіктісі де өзі секілді өнер саласынан алыс емес болып шықты. Күйеу жігіт түрлі мәдени іс-шараларды жүргізіп, желіде өлең оқу шеберлігін паш етіп жүр. Қос ғашықтың кездесіп жүргендеріне бір жылдам астам уақыт болған. Нәтижесінде әнші арудың сүйіктісі оған елорда жағалауында жақындарының көзінше үйленуге ұсыныс жасаған. Салтанат Серкебаеваның ғашығына "иә" деп жауап берген сәтінің видеосы Құлатаевтың парақшасында жарияланған. Желі қолданушылары жаппай жас әншіні қалыңдық атануымен құттықтап, оған ақ тілегін жаудырып жатты. Еске сала кетейік, "Томирис" фильмінен кейін Салтанат Серкебаева "Назар" тобынан кетіп, жеке әншілікті қолға алмақ ниетте болған.