Алматы тауларында жасөспірім таудан түсе алмай қалған
Алматы тауларында 16 жастағы жасөспірімге таудан түсу кезінде құтқарушылардың көмегі қажет болды. Ол теңіз деңгейінен 3 332 метр биіктіктегі Скалистый шыңы маңында болған.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданында болған. Құтқарушылар геолокация деректері арқылы жасөспірімнің нақты орналасқан жерін анықтап, оны «Эдельвейс» шлагбаумына дейін алып түскен. Сол жерде жасөспірім туыстарына тапсырылды.
Жасөспірім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеруді және жақындарына қай бағытпен жүретінін хабарлауды ескертеді.