Қостанайда автобуспен соқтығысқан көліктің жүргізушісі қаза тапты
Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, оқиға 25 қазан күні кешкі уақытта болған. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабына бағынбаған.
Қозғалысын жалғастырған ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, ал жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Апат кезінде автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.