Аймақтар

Щучинскіде лифт шахтасында өрт шықты

Ақмола облысының Щучинск қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды. Олардың 20-сы — бала. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Оқиға 22 қазанға қараған түні болған. Көпқабатты үйдің лифт шахтасында қоқыс тұтанған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Сонымен қатар автосаты пайдаланылды.

Өрт шағын аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.