Әлеуметтік желіде "Биыл қандас жастарды Қазақстанға оқуға қабылдамайды" деген ақпарат тараған еді.
"Отандастар қоры" бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі inbusiness.kz. сілтеме жасап.
Осы орайда "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ және "Отандастар қоры" КЕАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі №199 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінгенін хабарлайды, – делінген Отандастар қоры таратқан ақпаратта.
Қор үміткерлерден құжаттарды қабылдау туралы ақпаратты қабылдау ережесі бекітілгеннен кейін қосымша жолдайтынын жеткізді.
Нақты ақпарат алу үшін қордың телефонына хабарлуға болады: 1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін); 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);
+7 (7172) 981404 (барлық Қазақстандағы қала қоңыраулары үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген бағамен);
8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлама мен қоңырау үшін).
Сондай-ақ қордың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (Facebook, Instagram, Twitter, Telegram) кеңес алуға болады.