Әлем

АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, төрт адам қаза тапты

Орегон штатының Бенд қаласындағы Silver Rail бастауыш мектебінде 16 жастағы жасөспірім оқ жаудырып, үш бала мен бір мұғалімнің өмірін қиды. Кейін оны мектепке кіргенін байқаған жергілікті тұрғын атып өлтірген.

АҚШ-тың Орегон штатындағы Бенд қаласында орналасқан Silver Rail бастауыш мектебінде 16 жастағы жасөспірім оқ жаудырып, үш бала мен бір мұғалімді өлтірді. Полиция кейінірек күдіктіні жергілікті тұрғын атып тастағанын хабарлады.

Қаза тапқан балалардың жасы 5, 8 және 11-де болған. Сондай-ақ 7 жастағы тағы бір бала мен 54 жастағы мұғалім ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті мектептің жабық есіктеріне оқ жаудырып, ғимаратқа кірген. Полиция оның жасы 16-да екенін ғана растады, өзге дерек бермеді. Оның мектеппен қандай да бір байланысы болған-болмағаны да әзірге белгісіз.

«Біз бұл мәнсіз трагедиядан есеңгіреп қалдық және қайғырып отырмыз», — деді Бенд — Ла-Пайн мектеп округінің жетекшісі Стивен Кук.

Бенд полициясының бастығы Майк Кранцтың айтуынша, жергілікті тұрғын жасөспірімді мектепке кіріп бара жатқан жерінен байқап, оның соңынан барған. Орегон губернаторы Тина Котек бұл адамның «одан әрі адам шығынын болдырмау үшін батыл араласқанына» алғыс білдірді.

Котек: «Бірде-бір ата-ана мұндай күнді бастан өткермеуі керек, бірде-бір қауымдастық мұндай жағдайды көрмеуі тиіс», — деді.