Шоубиз

Navai екі айға қамауға алынды

Ресейлік рэпер Наваи Бакировқа (Navai) қатысты сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс контрабанда және есірткі заттарын заңсыз сақтау деректеріне байланысты екі бап бойынша тергелуде.

Қамауда ұстау — тергеу кезеңінде қолданылатын бұлтартпау шараларының бірі. Күдіктінің кінәлілігі мен оған тағайындалуы мүмкін жаза туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.