Шоубиз

Navai директоры рэпердің Қазақстанда ұсталуына қатысты пікір білдірмеді

Ресейлік рэпер Navai (Наваи Бакиров) директоры Рауф Гусанов өнерпаздың Қазақстанда ұсталуына байланысты журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

РИА Новости агенттігінің тілшілерімен сөйлескен кезде ол оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме бермейтінін жеткізген.

«Әзірге бұл мәселеге қатысты пікір білдірмей-ақ қояйық», — деді Рауф Гусанов.

Еске салайық, 14 қазанда Navai Жамбыл облысында есірткі контрабандасына оқталды деген күдікпен ұсталған. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, рэпер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сол күні өнерпаздың Астанада концерт өткізуі жоспарланған еді. Алайда болған жағдайдан кейін ұйымдастырушылар концерттің өтпейтінін хабарлады.