Филиппиндер Орталық Азиядағы алғашқы елшілігін Қазақстанда ашады
Филиппиндер Қазақстан астанасында елшілік ашуды жоспарлап отыр. Бұл бастаманы Қазақстан тарапы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Филиппин сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лимамен кездесуінде қолдады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында екіжақты саяси және экономикалық байланыстарды дамыту, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Тараптар Астанада Филиппин елшілігін ашу екі ел арасындағы байланысты нығайтып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұған дейін Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші елдің Қазақстанда дипломатиялық өкілдігін ашу жоспары бар екенін мәлімдеген. Жоспар жүзеге асса, Қазақстан Филиппиндердің Орталық Азиядағы алғашқы елшілігі орналасатын мемлекет болмақ.
Әзірге елшіліктің нақты қай уақытта ашылатыны және оның орналасатын жері туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.