Технология

WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істемей қалуы мүмкін

 Ескі iOS және Android операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондардың иелері WhatsApp-қа кіру кезінде шектеулерге тап болуы мүмкін. Қосымша пайдаланушылардан жүйені жаңартуды талап етіп, жаңартусыз аккаунтқа кіруге мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Кейбір пайдаланушыларға смартфонның операциялық жүйесін жаңарту қажеттігі туралы ескерту келген. Жүйенің жаңа нұсқасы орнатылғаннан кейін WhatsApp-қа қолжетімділік қайта қалпына келеді.

Әзірге шектеулер iOS пен Android жүйелерінің нақты қай нұсқаларына қатысты екені белгісіз.

WABetaInfo дерегінше, өзгерістер пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Сондықтан ескі смартфон иелеріне құрылғысының операциялық жүйесіне қолжетімді жаңартуларды тексеру ұсынылады.