Эр-Рияд әуежайына екі күн қатарынан шабуыл жасалды
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы әуежайға екі күн қатарынан шабуыл жасалғаны хабарланды. Соңғы оқиғадан кемінде бір адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Шабуыл салдарынан әуежай терминалдарының бірінде өрт шыққан. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бұған дейінгі шабуылдан 13 адам қаза тауып, 300-ден астам адам зардап шеккені хабарланған. Сонымен қатар әуежай өткен аптада да шабуыл нысанасына айналған.
Оқиғаларға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады.
Ведомство зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырып, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта шабуылдарға қатысты жағдайдың мән-жайы нақтылануда.