Актриса Дариға Бадықова мен Олжас Абай атастырылды
Актриса Бадықова мен Олжас атастырылды. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Актриса Бадықова Instagram парақшасында атастырылуына қатысты жазба жариялады. Ол жазбасында тағдыр мен бақыт туралы ой бөлісіп, оқырмандарынан ақ тілектерін арнауды сұрады.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп жазды ол.
Сондай-ақ актриса ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін айтып, көпшіліктен тек бақыт тілеуді өтінді.
«Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп түйіндеді Бадықова.
Жазба әлеуметтік желіде жарияланды.