Аймақтар

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы ұсталды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде болған кептелістен 18 жастағы қыз зардап шекті. Оқиғадан кейін концерт ұйымдастырушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке сатылған билеттер саны алаңның белгіленген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан көрермендер жаппай жиналып, адамдардың қауіпсіздігіне қатер төнген.

Концертті ұйымдастырған, 1984 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жалғасып жатыр.