Қылмыс

Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұмдардың денесі 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен табылған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайд eKaragandға сілтеме жасап хабарлайды.
 

Полиция мәліметінше, қаза тапқандар — 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел. Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол қылмыс жасады деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.