Елорда

Астанада 10–14 қазан аралығында жол қозғалысы шектеледі

Астанада халықаралық саяси іс-шараларға байланысты 10–14 қазан күндері кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, шектеулер халықаралық іс-шараларға дайындық және оларды өткізу кезеңінде енгізіледі.

Сонымен қатар, 9 қазаннан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді.

Іс-шаралар кезінде арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштері жұмылдырылады.

Тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралды.