Әлем

Трамп Иранға қатысты шабуылға мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жалғасып жатқанын айтып, АҚШ Конгресінің аралық сайлауына дейін Иранға әскери шабуыл жасалмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Трамптың айтуынша, Иран порттарына қатысты АҚШ енгізген блокада әлі де күшінде. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы жалғасып жатыр.

Соңғы апталарда Вашингтон мен Тегеран қақтығысты тоқтату және Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру мәселелері бойынша ұсыныстар алмасқан. Алайда АҚШ президенті Иранның соңғы ұсынысын қабылдамаған.

Айта кетейік, АҚШ Конгресінің аралық сайлауы 2026 жылғы 3 қарашаға жоспарланған.