ЗжТ

Қазақстанда бір айда 106 жемқорлық фактісі анықталды

Қазақстанда қыркүйек айында 106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді. Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу, ұрлық, алаяқтық, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану және асыра пайдалану фактілеріне қатысты.

Бір ай ішінде 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталған. Оның 78-і сотқа жолданды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңге деп бағаланды.

ҰҚК сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Дереккөз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті