88 шетелдікке Қазақстанға 5 жыл кіруге тыйым салынды
Жамбыл облысында «Заңсыз келуші – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Көші-қон заңнамасын бұзған 88 шетел азаматы ел аумағынан бес жылға шығарылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, рейд барысында халықаралық іздеуде жүрген бес шетел азаматы анықталған.
Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібін бұзуына жол берген 57 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылған.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының ел аумағында болу заңдылығын тексеру, көші-қон талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
«Заңсыз келуші – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жамбыл облысында 10 қазанға дейін жалғасады.