Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты
Қазақстан Құрылтайы Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босату туралы мәселені қарады.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Қызметінен босатылғандар қатарында Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин, Мәдениет Омарбекова, Сәкен Абдолла және Аслан Түкиев бар.
Мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 10) тармақшасына сәйкес қаралған.
Конституцияға сәйкес, Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Президенттің ұсынуымен сайлайды және қызметінен босатады.