Семейде камера мен домофонды қиратқан ер адам қамалды
Семейде 48 жастағы ер адам подъездегі бейнебақылау камерасы мен домофонды қиратып, әкімшілік қамауға алынды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды
Медициналық куәландыру нәтижесінде оқиға кезінде оның есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды.
Ер адамға мүлікті қасақана бүлдіру, ұсақ бұзақылық жасау және есірткі заттарын медициналық көрсетілімсіз қолдану фактілері бойынша бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.