Жаңалықтар

Қазақ тарихы туралы құнды кітап табылды

Қазақ тарихы туралы құнды кітап табылды

Қазақ тарихшылары мен этнографтарының назарына! Достар, бір-бірімізді бір құттықтап қойсақ болады. Төтенше жағдай кезінде үйден шыға алмай отырғанда бос жатпай, ұйқы қашқан түндердің бірінде ғаламторды ақтарып отырып, Ресей империясында 1880-жылдары жарық көрген "Восточное обозрение" газетінің скандарын тауып алдым. Басылымның әрбір санымен асықпай танысу барысында бір қызық мақалаға тап болдым. Ол жерде қазақ даласына италиялық ботаник Стефано Соммьенің келіп кеткені туралы мақала басылыпты. Қызықтым. Әрі қарай іздей келе, Стефано мырза даламыздан шығып, ары қарай Сібірге кеткені және еліне оралған соң 1885 жылы ана тілінде Ресей империясына жасаған сапары жайында кітабын шығарғаны туралы білдім. Ол жерде даламызды, бабаларымыздың тұрмысын сипаттауға бөлек тарау арналған екен. Италиян тілін білмеген соң, кітаптың ағылшын не орыс тіліндегі аудармасын іздей бастадым. Сөйтсем, бағыма орай, 127 жылдан соң Соммьенің кітабы орысшаға аударылып, Томск университетінде небәрі 300 данамен басылып шығыпты. Сегіз жыл өткен соң енді табыла қоймас деп ойладым. Бірақ іздей келе, кітаптың бір данасы бар бір кісіге шықтым. Бағасын келістік. Жіберетін болды. Ресейде де карантин ғой, шекара ашылғанын асыға күттім.Міне, бүгін этнограқатысты құнды деректерді қамтитын кітап қолыма жетті. Жеткізуімен бірге санағанда маған 22 000 теңгеге түсті. Гуглда бұл автор туралы қазақша мақалалар іздестірдім, ешбір сәйкестік табылмады. Соған қарағанда, бұл автордың құнды жазбасын қазақ тарихы үшін алғаш мен ашып отырсам керек. Қателесуім де мүмкін, олай болса да ештеңе етпейді. Мәселе біз туралы деректің өзімізге жеткенінде ғой. Бұны жазып отырған себебім - өзім тарихпен толық айналыспаған соң, бұл жаңалықты тарихшы және этнограф әріптестерімнің назарына жеткізу. Менде, достар, қызғаншақтық жоқ. Егер шынымен осы кітапты қазақ үшін алғаш ашып отырған өзім болсам да, өмірін тарихқа арнаған бауырым жаңалық ашушы статусын өзіне жазып алса да еш уайымдамаймын, өйткені бастысы - тарихымыздың түгенделгені. P.S. Бір-екі жұмысымды реттеп болған соң қалың кітапты оқуға кірісемін. Егерде қызығушылық танытқан тарихшылар болса, осында жазып хабарласуын сұраймын. Қол тиген бойы бабаларымыз бен даламыз туралы деректі скандап, сізбен бөлісудің амалын жасаймын. Бөлісіп, қызығушылық танытқан достарыңызды белгілеуді сұраймын. Журналистер бұл жаңалықпен бөліскісі келсе, қарсылық білдірмеймін. 😀 Бақытжан Бұқарбайдың фейсбук парақшасынан алынды