Жаңалықтар

Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 6,6 млн теңге өндіріп алды

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қаһарманнан 6,6 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Сот дауы 2023 жылы Нұрлыбекова коммерциялық нысанды Назым Қаһарманның сенімгерлік басқаруына бергеннен кейін туындаған.

Альмира Нұрлыбекованың айтуынша, ғимарат жалға берілгенімен, одан түскен қаражат өзіне берілмеген. Сондай-ақ табыс туралы есептер ұсынылмаған.

Бастапқыда талапкер 14 млн теңгеден астам қаражатты өндіріп беруді сұраған. Сот банк көшірмелері мен басқа да құжаттарды зерттеп, талапты ішінара қанағаттандырды.

Сот шешімімен «NazKa» ЖК-нен:

•⁠  ⁠6,6 млн теңге қарыз;
•⁠  ⁠66,6 мың теңге мемлекеттік баж;
•⁠  ⁠666,5 мың теңге өкілдің қызметіне жұмсалған шығын өндірілетін болды.

Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылмады.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ және оған шағым берілуі мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамырында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.