ЗжТ

Қазалыда екі судья жемқорлық үшін сотталды

Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьясы жемқорлық қылмыстары үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Newsroom.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
 

ҰҚК мәліметінше, үкім 2026 жылғы 8 қыркүйекте шыққан. Д. Әбдіқалықов пен С. Бертаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының тиісті бөліктерінде көзделген жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Олар қаңтар айында ҰҚК қызметкерлері тарапынан ұсталған. Сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

Сот шешімімен екі азаматқа да 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.