Әскер

Қорғаныс министрі әскери бөлімге тосыннан тексеріс жүргізді

Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне күтпеген жерден барды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Визит барысында министр әскери қызметтің ұйымдастырылуымен, сарбаздардың орналасу жағдайымен және әскери бөлім инфрақұрылымының жай-күйімен танысты.

Әсіресе казармалар мен әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайына назар аударылды. Министр бөлімдегі күнделікті қызметтің ұйымдастырылуын да тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери бөлім басшылығына әскери қызметшілердің қызмет атқару және күнделікті тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылдау тапсырылды.