Елорда

Астанада Сауран көшесіндегі тұрғын үйден 17 адам эвакуацияланды

Есіл ауданындағы тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатындағы ательеде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт толық сөндірілгенін хабарлады.

Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бірінші қабаттағы ательеде тұтанған жалын қою түтінмен қатар жүрген.

Құтқарушылар өрт сөндіру оқпандарын дереу беріп, тұрғындарды эвакуациялау шараларын бастаған. Өртті ауыздықтау үшін автосатылар мен үш буынды саты қолданылды.

11:28-дегі мәлімет бойынша, ашық жалын сөндіріліп, өрт оқшауланған. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның толық сөндірілгенін хабарлады.

Нақтылау бойынша, тоғыз қабатты үйдегі өрт бірінші қабаттағы ателье үй-жайында болған. Өрт аумағы 50 шаршы метр болған.

Сондай-ақ жоғарғы қабаттардан 17 адам, соның ішінде 4 бала құтқарылған. Зардап шеккендер жоқ.