Аймақтар

Қонаевта бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр

Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатыр. Тұрғындар эвакуацияланып, өртті сөндіруге күшейтілген режимде күш жұмылдырылды.

Алматы облысының Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тартылған.

Министрліктің хабарлауынша, алғашқы бөлімшелер жеткен кезде шатырдың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Өрт ошағына бірден су оқпандары берілді.

Оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өрт күшейтілген деңгейде сөндірілуде. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.