Мәскеу облысында химия зауытында жарылыс болды
Мәскеу облысындағы Краснозаводск қаласында химия зауытының аумағында бірнеше жарылыс болды. Оқиғадан кейін кәсіпорын ғимараттарының бірінде өрт шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстардан үйлердің өзі дірілдеген.Бұл туралы Newsroom.kz МСК ға сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттағы ғимараттардың бірі ішінара қираған. Оқиға орнына жедел қызметтер жұмылдырылып, адамдар эвакуацияланған.
Оперативтік қызметтердің мәліметінше, кәсіпорын аумағынан 40 адам шығарылған. Тағы төрт адамның тағдыры анықталып жатыр.
Бұған дейін кейбір ресейлік БАҚ жеті адам қаза болғанын хабарлаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті сөндіріп, оқиғаның себептерін анықтап жатыр.