Астанада жылу маусымы 2 қазанда басталмақ
Астанада 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 2 қазанда басталады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Жылыту алдымен әлеуметтік нысандарға — балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханаларға беріледі. Одан кейін жылу тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен қосылады.
«Астана-Теплотранзит» компаниясының мәліметінше, жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сондай-ақ қажетті жөндеу және жаңғырту жұмыстары аяқталған.
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Астана және тағы төрт өңірде жылыту маусымы осы аптаның соңына дейін басталатынын айтқан.