Баянауылда жабайы қабандар тобы камераға түсіп қалды
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде әуеден мониторинг жүргізу кезінде жабайы қабандар тобы бейнекамераға түсіп қалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Жануарлар орманды алқапта еркін жүрген. Мамандар оларды әуеден бақылап, жақындамай және табиғи тіршілігіне араласпаған.
Жабайы қабандар Баянауыл аумағында жиі кездеседі. Алайда оларды дәл осындай биіктіктен көру көп кездесе бермейді. Әдетте жануарлар адамнан алыс жүруге тырысады.