Аймақтар

Атырауда тазалық ережесін бұзғандарға 18,6 млн теңге айыппұл салынған

Атырау облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 4806 хаттама толтырылған. Құқық бұзушыларға 18,6 млн теңге айыппұл салынып, оның 13,7 млн теңгесі өндірілген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде 10 136 аула тазаланып, сенбіліктер кезінде 7867 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар 18 429 ағаш көшеті отырғызылған.

Тұрғындардың өтініштерін қарау бойынша да бірқатар мәселе бар. «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысты @TazaQazBot платформасына түскен 484 өтінімнің 434-і орындалса, 49 өтінімнен бас тартылған. Тағы 11 өтінім қаралу үстінде.

Ал «109» байланыс орталығына түскен 14 614 өтінімнің 14 605-і орындалған. Қалған 9 өтінім бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, облыста экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жыл соңына дейін 1780 бейнебақылау камерасын кезең-кезеңімен орнату жоспарланған.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында биыл 285 іс-шара ұйымдастырылып, 94,7 мыңнан астам адамның қатысуымен 237 сенбілік өткізілген. Сондай-ақ экологиялық білім беру шараларына 45 600 оқушы мен жас эколог қатысқан.