Sportroom

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров халықаралық рейтингте екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Newsroom.kz Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Шайдоровтың еншісінде қазір 4193 рейтингтік ұпай бар. Осылайша ол жапониялық Юма Кагияманы 70 ұпайға басып озып, рейтингтің екінші сатысына көтерілді. Кагияма 4123 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал рейтинг көшін америкалық Илья Малинин 4590 ұпаймен бастап келеді. 

Бұл - Михаил Шайдоровтың ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші. Бұған дейін қазақстандық спортшы үшінші орында болған.

Шайдоров рейтингтегі позициясын Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясындағы Memorial Ondrej Nepela турнирінен кейін жақсартты. Қазақстандық спортшы жарыста қола жүлдеге ие болып, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 272,75 ұпай жинады. 

Бұл турнир Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.