Sportroom

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы матчын Фарер аралдарына қарсы өткізді. Торсхавн қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Матчтың 14-минутында Фарер аралдарының шабуылшысы Аки Самуэльсен есеп ашты.

Қазақстан құрамасы көп күттірмей жауап берді. 26-минутта Темірлан Ерланов қарсылас қақпасына гол соғып, есепті теңестірді.

Қалған уақытта қос команда да есепті өзгерте алмады. Осылайша Қазақстан мен Фарер аралдары бір-бір ұпайдан бөлісті.

Қазақстан құрамасының сапында Кенжебек пен Қуат сары қағаз алды.

Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі. Матч 29 қыркүйекте Кошицеде өтеді.

Фарер аралдары – Қазақстан – 1:1

Голдар: Самуэльсен, 14 – Ерланов, 26.