Қорғаныс министрі Каспийдегі оқиғаға қатысты пікір білдірді
ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты қазақстандықтарға алғаш рет ресми түрде үндеу жасады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Министр қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, болған жағдайға байланысты қоғам тарапынан қойылып жатқан сұрақтарды түсінетінін жеткізді.
Дәурен Қосанов оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын айтты. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар анықталса, олар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ министр қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен тұрақты байланыс орнатылғанын және оларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Толығырақ: t.me/newsroomkz/