Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті
Каспий теңізінде іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Newsroom.kz Atameken.business сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.
Бұған дейін Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткені, оның 12-сі қаза болғаны, үшеуі құтқарылғаны және тағы екі әскери қызметшіні іздеу жалғасып жатқаны хабарланған еді. (informburo.kz)
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 252 әскери қызметші, 34 арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ төрт тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылған.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.