CGTN қазақ тілінде хабар тарата бастады
Қытайдың халықаралық CGTN телеарнасы қазақ тіліндегі хабар тарату бағытын іске қосты. Енді арна халықаралық және Қытайға қатысты жаңалықтарды қазақ тілінде де ұсынады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
CGTN – Қытай Медиа Корпорациясының (CMG) әлемге ақпарат тарататын негізгі халықаралық бөлімшелерінің бірі. Бұған дейін арна ағылшын, араб, испан, француз, орыс және басқа да тілдерде хабар таратқан.
Енді CGTN қазақ тілінде де қолжетімді. Көрермендер арнаның қазақ тіліндегі контентіне қосылып, халықаралық жаңалықтарды ана тілінде көре алады.