Трамп Си Цзиньпинді әуежайда жеке қарсы алды
Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барды. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп әуежайда жеке өзі қарсы алды. Қытай басшысын қарсы алу рәсімі қызыл кілем төселіп, әскери оркестрдің қатысуымен өтті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Си Цзиньпин мінген ұшақ Вашингтон маңындағы Эндрюс әуе базасына қонған. Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп Қытай басшысы мен оның жұбайы Пэн Лиюаньды қарсы алып, қысқаша әңгімелесті.
Сапар барысында екі ел басшыларының сауда, тарифтер, сирек кездесетін металдар, жасанды интеллект және басқа да екіжақты мәселелерді талқылауы жоспарланған.
Си Цзиньпиннің қазіргі сапары оның АҚШ-қа 11 жылдағы алғашқы мемлекеттік сапары болды.
Айта кетейік, Трамптың мамыр айындағы Қытайға сапары кезінде Си Цзиньпин америкалық президентті әуежайда жеке өзі қарсы алмаған.